Суреттер шерткен сыр

Қайрош Қабдешев – аймаққа аты танымал фототілшілердің бірі. Оның жеке мұрағаттарында Елбасының Атырауға алғашқы сапарларынан түсірілген суреттер сақталған. Жақында әріптесімізбен хабарласып, сол сәттерді еске түсіруін өтінгенбіз.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%88%d0%b5%d1%80%d0%ba%d0%b5%d0%bd-3

Мемлекет басшысы мұнайлы мекенге алғаш ат басын бұрғандаақ қиырдағы Қызылқоға ауданына арнайы барған. Сіз соған куәсіз ғой.

– Ол күндерді әсте ұмытуға бола ма?! Төрт түлікті түгел өргізген, негізінен мал шаруашылығымен шұғылданатын, орталықтан шалғайдағы өңірге мәртебелі мейманның келуі адам жадынан қалай шығар?! Мен жергілікті газеттің қызметкері едім. Елбасы Миялыға тікұшақпен жетті. Жанында облыс басшысы Ғазиз Алдамжаров, басқа да ресми адамдар бар. Аудан басшысы Есенгелді Нұршаев бастаған топ қарсы алды.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd

Бұл 1991 жыл еді. Жасыратыны жоқ, ол кезде ауданның ахуалы нашар болатын. Кеңестік кездің өзінде кенже қалған отыз өңірдің бірінен саналған. Табиғи газ тартылмаған, ауыз су тапшы, тас жол төселмеген. Қысқасы, ешқандай инфрақұрылым жоқ. Әсіресе, қыс кезінде алыс ауылдар облыс түгілі, аудан орталығымен байланысын мүлдем үзетін. Өзге де шешімін күткен әлеуметтік проблемалар жетерлік.

Соның өзінде Елбасы ертеңге деген сенімін жоғалтпады. Соған өзгені де иландыра білді. Сол жерде Нұрсұлтан Әбішұлына ауданның аузы дуалы ардақты ақсақалы, қадірменді қариясы, аға шопан Тұманбай Сәтмағамбетов бата берді. Кейін ол жергілікті газетте жарияланды.

Бүгінде малды өңір мүлдем өзгерген. Алыс аудан тұрғындары табиғи газ тұтынуда, елді мекендер арасын асфальт жол жалғауда. Өзге мәселелер де ретімен шешілуде. Ауылдағылар бизнеске бет бұрды. Мұнда ауыл шаруашылығымен қатар, мұнай-газ саласы да дамып келеді. Ауданда Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасы мен «Мәтен» бірлескен кәсіпорны «қара алтын» өндіруде.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-2

– Кенбай кенішін қатарға қосу салтанатына Мемлекет басшысы қатысты. Сол сәт те сіздің назарыңыздан тыс қалмапты.

– Дәл солай. Маған осы тарихи оқиғаны суретке түсіру бақыты бұйырды. Осындағы алғашқы  ұңғыманы Елбасы өзі қатарға қосты. Тайсойғандағы Уаз және Қондыбай кен орындарының пайдалануға берілуі, тура мағынасында, малды мекеннің экономикасына тың бетбұрыс жасады. Ауданда мұнайшы мамандығы қалыптаса бастады. Алғашқы «қара алтын» өндірушілер легі шықты.

– Мұнай демекші, сіздің бір суретіңізде Қазақстан «қара алтынының» ғасырлық тойына Елбасы келгені бейнеленген…

– Мемлекет басшысы сол кезде Сарайшыққа барған-ды (3 сурет).  Қазақтың жеті ханы жерленген, Ұлы Дала тарихының бір парағы болып табылатын көне қалаға Елбасының әдейі бұрылуы – өткенімізге деген зор құрмет.

Меңдібай Сүмесінов

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*