ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫҚ БАҚЫТЫ

Кейін 1954 жылы Алматыдағы Қыздар педагогика институтын бітіріп, бала кезден арманы – ұстаздық жолды бастайды. Алғашында Сафон селосындағы мектеп-интернатта, кейін Құлсары қаласындағы А.Макаренко атындағы орта мектепте география пәнін оқытып, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне атсалысады. Талапшылдықпен, шығармашылық ізденіспен атқарған қызметі лайықты бағаланып, есімі жылыойлықтардың «Құрмет кітабына» енгізілді.
1972 жылдан Атырау қаласындағы №9, №10 мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерінде бола жүріп, мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының жоғары сапалық деңгейге көтеріліп, материалдық-техникалық базасының нығаюына, педагогикалық ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Ал, 1986-87 оқу жылынан М.Әуезов атындағы орта мектепте ұстаздық етті. Білім саласында 47 жыл абыроймен жұмыс жасау кез келгеннің қолынан келе бермесі анық.
– Қазимаш – арманын алақанына қондырған ұстаз. Бойындағы қабілетімен, өмірден жинаған іс-тәжірибесімен жас маманға үлгі болды. Оқу-тәрбие саласының қай саласында жұмыс істесе де, жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруден жалыққан емес. Қай кезде де еңбегі еленіп, қалалық, облыстық оқу бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, – дейді М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің ұстаздары.
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессоры Нұрзила Сәрсенова: «Педагогика саласында аянбай қызмет етіп, өз ғұмырын еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған қадірлі ұстаз Қазимаш апайдың бұл мерейтойы – атыраулық ұстаздар қауымы үшін де үлкен қуаныш деп білемін. Ісінен де, сөзінен де парасат лебі сезілетін білікті ұстаз туралы ой-тілектің өзі бір төбе. Оны бір көргенде-ақ көз алдыңа күндей күлімсіреп шуағын шашқан, бала біткенді бауырына басқан алып ана бейнесі келеді. Оның еріксіз өзіне тартқан жарасымды бейнесі байыпты мінезімен, орнықты сөзімен үйлесімділік табады. Даналар айтқан үш өлшем – биіктік, тереңдік, кеңдік – бәрі-бәрі оның бір бойында тұнып тұр», – дейді.
– Қандай жағдай болмасын, Қазимаш Сабырқызының адамның бойынан жақсылықты көруге деген құштарлығы мерейіңді өсіріп, әркез қуаттандырып отырады. Мұндай тамаша күйді жалғыз мен емес, апаймен жолыққан әр адам басынан кешетін. Өзімді осындай айтулы тұлғамен таныс қылған тағдырыма дән ризамын. Досына да, дұшпанына да тек жақсылық тілеп жүретін ол әріптестерінің арасында «ақ мама» атанып кетті, – дейді бір кездері білім беру басқармасында апаймен қызметтес болған Серік Сапанов.
Білім жетілдіру инспекторы болған Қазимаш Сабырова он жыл аудан мектептерін аттестациялаудан өткізіп, он бес жыл қалалық, облыстық оқушылар олимпиадаларында қазылық жасады. 1994 жылы зейнетке шықса да, 2004 жылға дейін он жыл бойына мектепте әдіскер болып жұмыс жасауының өзі неге тұрады?!
Ұстаздан білім нәрімен сусындаған шәкірттерде есеп жоқ. Бүгінде Қазимаш апа жолдасы Рахым ағаймен бірге – Айша-бибі, Әмір-әли, Ромулбек, Диляра сияқты шөберелерінің қызығына бөленіп отырған бақытты әже. Жетпіс бес жасты бағындырса да, әлі тың.
– Иә, «шәкіртке ұстаз болу – ірілік, ал, ұстазға ұстаз болу – ұлылық» деп қазағым қапысыз қалай айтқан десеңші?! Ендеше, Қазимаш Сабырқызының деніне саулық, отбасына бақ-береке тілейміз!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*