Ұстаздар түсті сайысқа

Жуырда «Атырау» спорт кешенінде жоғары оқу орындары мен колледждердің педагог қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті.

__%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d1%82__%d1%81%d1%82%c2%a6-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%81__%d0%b0

Шараның ашылуымен құттықтаған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қилымғали Қайненов дене тәрбиесі және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін бір топ ұстазды Алғыс хатпен марапаттады. Ал, Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының директоры Садыржан Жекенов қатысушыларға сәттіліктер тіледі.

Дода он жеті оқу орнының командалары арасында тартысты өтті. Бір аптаға созылған жарыста Атырау қаласы мен аудандардан жиналған  ұстаздар спорттың гандбол, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ және шахмат сынды түрлерінен бақ сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық жүлделі бірінші орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің командасы ие болса,   екінші және үшінші байрақтарды Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі мен Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі топтары  өзара бөлісті. Жеңімпаздар  грамоталармен, естелік медальдармен, кубоктармен және арнайы бөлінген бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Рита Жайғалиқызы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*