ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАМЫЗ?

Облысымыздағы білім беру қызметкерлерінің арасында 2213 бастауыш сынып мұғалімдері қызмет етеді. Олардың қатарында жоғары біліктілік дәрежесі бар 175 мұғалім, 855 мұғалім – бірінші санатты мамандар. Бұл бастауыш мектептегі мұғалімдердің 46,5 пайызы жоғары біліктілік деңгейі бар тәжірибелі мамандар екендігін көрсетеді. Облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинеті мұғалімдердің кәсіби шығармашылық мүдделерін жүзеге асыру, инновациялық идеяларды қолдау, шығармашылық зертханасын айқындап, озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және тарату мақсатында ұйымдастырылған түрлі кәсіби байқаулардан мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасайды.
Қиындығы мен қызығы мол ұстаз еңбегінің жемісі шәкірттерінің оқудағы жетістігімен өлшенеді. Соның бірі Астана қаласының «Балдәурен» сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» ғылыми шығармашылық конкурсынан жүлделі орындар, Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бастау» республикалық математикалық турниріне облыстан 2-4 сыныптардан құрылған екі команда (қазақ, орыс тілінде) қатысып, сертификаттар алуы мұғалімдеріміздің үздіксіз еңбегі және білім сапасын арттыруға қосқан үлесі деп білеміз.

Мира ҒАЗИЗУЛЛИНА,
облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бастауыш сыныптары бойынша әдіскері.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*