ҰСТАЗҒА ҚОЙЫЛАР ТАЛАП ҮЛКЕН

 

Әр салаға қатысты тапсырмаларды нақтылай отырып, Елбасы білім жүйесіне айрықша тоқталды. Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру, орта білім беруді жетілдіріп, 12 жылдық білім моделіне өтуді ойластыру – заман талабы. Оны жүзеге асыру оңай емес. Бұл мұғалімдерден үлкен біліктілікті, жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Бүгінгі мектеп партасында отыр-ған оқушы – ертеңгі студент. С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің ұстаздары Елбасының бұл тапсырмасын жүзеге асыру барлық білім беретін орта, арнаулы және жоғары оқу орындарына да қатысты деп біледі. Өйткені, қазіргі мектептегі шәкірттің білімі мен тәрбиесін қалыптастыру – ертеңгі күні өзі сүйген мамандығын игеруге жол ашады. Міне, өзі нені қалайтынын білетін және өз білімінің ел игілігі үшін қажеттілігін сезінетін студент қана ертеңгі күні білікті маман дәрежесіне көтерілері анық.

 Болашақтың іргетасы – жас ұрпақ. Бірақ, ол өздігінен қалана салмайды. Оны біліммен қаруландырып, тәрбиемен түзу жолға салғанда ғана отансүйгіш, елім десе өзегін жұлып беретін азамат қалыптасып, өседі. Бұл жолда ұстаздарға жүктелетін жүк те, артылатын сенім де ауыр. Сондықтан, «адам капиталына салынатын ұзақ мерзімді инвестиция» деп Елбасы айтқандай, жас буынды келешекте Тәуелсіздік байрағын жоғары ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу – баршамыздың қасиетті борышымыз.

 Өз ісіне жетік, мамандығын сүйіп қызмет ететін білікті маман елімізді әлемдік өркениетке бір табан болса да жақындатады. Сол жолда жұмысымызды бәсеңдетіп алмауға тиістіміз. Біздің оқу орны болашақ мұнайшыларды тәрбиелейді. Келешектің жігері тасыған жұмысшы жастары – оқу орнымыздың мақтанышы.

Әрбір оқу орны өзіне артылып отырған осы сенім биігінен көрінуі қажет.

Болашақтың кілті – жастардың қолында. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қарап, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін отбасынан, мектептен, оқу орындарынан қалыптастырған жөн. Ол үшін идеологиялық жұмысты жолға қойып, Елбасы көрсеткен бағытты темірқазық етіп белгілеп алғанымыз дұрыс.

Бағыт ШЕРКЕШБАЕВА,

С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық

колледжінің директоры,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*