Спорттық шараларда жеңімпаз атанғандарға бір қойдан берілді (ФОТО)

Бүгін Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде Құрбан айт мейрамының құрметіне арналған спорттық шаралар болып өтті.

ЕАС 1090

Атап айтқанда, қазақша күрес түрінен түйе палуандар бәсекесі, кір тасын көтеру және қол күресі бойынша атыраулық тұрғындар сынға түсті. Спорттың осы 3 түрінен өткен аталмыш бәсекелерге барлығы 100-ге жуық тұрғындар қатысып, өз бақтарын сынады.

ЕАС 1163

Спорттың кір тасын көтеру бойынша өткен сайысқа барлығы 28 талапкер қатысқан. Нәтижесінде, Андомасов І, Бектемісов ІІ, Мұхамбетов ІІІ орындарға ие болды.

ЕАС 1170

Ал, спорттың қол күресі, яғни, армрестлинг сайысында барлығы 48 қатысушы бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша, Әбуталипов жеңімпаз атанса, Гусейнов және Сатыбалдиевтер ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Спорттық шараларда жеңімпаз атанғандардың барлығына бір-бір қойдан берілді.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*