Спортшылар ұлығыланған күн

Атырау облысының спорт саласы үшін 2016 жыл жоғары жетістіктерге толы, жемісті кезең болды. Олимпиада ойындарында, халықаралық турнирлерде, әлем, Азия, Қазақстан чемпионаттарында ел, облыс мерейін асқақтатқан спортшылар халықтың құрметіне бөленіп жатыр.

bv25mbvjzum

Жексенбі күні Салтанат сарайында биылғы жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен бапкерлерді, спорт ардагерлерін, саланы дамытуға қосқан басқа да азаматтарды ұлығылау мақсатында «Спортшылар балы–2016» кеші өтті.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, қоштасқалы отырған жыл әр саладағы елеулі оқиғалармен есте қалатынын айтты.

rtbfjsmzv60

Нұрлан Асқарұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбел-гісімен сала ардагерлері мен қызметкерлері Жалғас Өте-бәлиев, Амангелді Насиев, Сүндеткерей Қасанғалиев, «Құрметті спорт қызметкері» белгісімен Алпысбай Аралбаев, Айбат Рахман, Адик Бермешевтарды марапаттады. Сондай-ақ, жоғары жетістіктермен  спортты дамытуға, қазақстандық спорттың имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін Есенгелді Пазылғалиев, Георгий Щербаков, Бауыржан Тахауов, Рүстем Қисметов және тағы басқалары аймақ басшысының Алғыс хатын алды.

xpp8y6ywkfg

Самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионы, биыл самбо, дзюдо және қазақ күрестерінен «ҚР спорт шебері» атағын алған Эльмира Самиғоллаева  «Жыл спортшысы» атанса, «Жыл жаттықтырушысы» атағы кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Данияр Юсуповқа бұйырды. «Үздік федерация» аталымына облыстық таэквондо федерациясы лайық деп танылып, Құрманғазы аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімі де «Үздік аудандық бөлім» ретінде аталды. Ал, ел чемпионы «Атырау барыстары» «Үздік команда», ардагерлер арасындағы ҚР төртінші спартакиадасының қазақ күресінен жеңімпазы Марал Көшеков «Үздік ардагер», Германияда суда жүзуден өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы  Ержан Сәлімгереев «Жыл серпілісі», грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қаһарман Қисметов «Үміт артар спортшы», «Мүгедектер спорттық клубы» «Үздік спорттық ұйым», Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында өз қаржысына спорттық зал салып берген кәсіпкер Бағытжан Балжігітов «Спорт жанашыры» номинацияларын иеленді.

Сондай-ақ, спорт саласын насихаттап жүргендер де марапаттан кенде қалмады. «Дода спорт KZ» парақшасының шолушысы Ілияс Шайхиев «Үздік спорт шолушысы», «Ақ жайық» газетінің тілшісі Мұрат Сұлтанғалиев «Үздік спорт тілшісі» атанды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*