Жылыой ауданының жастары Қанат Исламмен кездесті

38938975 2243741719179540 3089502179401138176 o Қоғам

Жылыой ауданына жастар күніне орай, кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегері Қанат Ислам келді.

38938975_2243741719179540_3089502179401138176_o

Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің шақыртуымен салтанат сарайында өткен еркін форматтағы жиын жастарға арнайы ұйымдастырылды.

«Қазіргі кезде жастардың бос уақыты көп. Оны тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Жастарға үлгі болып, ақыл айтар кім бар? дегенде ең алдымен олар Қанат Исламның келгенін қалады. Бүгін сол аудан жастарының өтінішін орындап, қазақтың батырына айналған Қанат Исламды арнайы шақырттым», – деді аудан әкімі А.Бекет.

Кездесу барысында боксшы өзінің өмір жолы туралы, кездестірген қиындықтар мен оларды жеңу жолдары жайында кеңірек айтып кетті. Одан бөлек, көптеген сұрақтар қойылып, боксшыға арнап аудан жастары жыр жолдарын арнады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз