Қызылқоға ауданында «Атырау-Ақпараттың» кубогі үшін мини футболдан іріктеу кезеңі басталды (ФОТО)

Изображение 39825 Шаһар шырайы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін ұйымдастырылған шағын футболдан облыстық кезеңге іріктеу сыны бүгін Қызылқоға ауданында басталды.

Изображение 39825

Оған аудандағы мемлекеттік мекемелер мен бөлімдерден құралған «Достық», «Тұлпар», «Жігер», «Айбын» «Барыс», «Қыран» және «Намыс» командалары қатысуда.Изображение 39791

Миялы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыс еліміздің Әнұранымен ашылып, артынша аудан әкімі аппаратының басшысы Марат Әбуов, аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов, ардагер журналист Жолдас Жанқуатовтар құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Изображение 39810

Изображение 39818

Содан соң Миялы балалар өнер мектебінің «Айжан-ай» бишілер тобы спорттық би билеп, шара шырайын кіргізе түсті.

Изображение 39841

Ашылу салтанатынан соң командалар екі топқа бөлініп, тартысты ойынды бастап кетті. Алғаш болып құқық қорғау органдарынан біріккен «Тұлпар» командасы мен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Айбын» командасы алаңға шығып, «тұлпарлықтар» қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді.

Изображение 39884

Изображение 39816

Изображение 39859

Изображение 39762

Изображение 39788

Изображение 39754

Изображение 39793

Айта кетейік, осы сында жеңімпаз атанған команда қараша айында өтетін облыстық туринирге жолдама алады.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз