«Street Workout»-тан қалалық турнирге іріктеудің соңғы кезеңі мәресіне жетті

DSC 0270 Қоғам

27 мамыр күні Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және бұқаралық спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Street Workout»-тан қала жастары арасында кезекті іріктеу турнир өтті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

DSC_0249

Нұрсая мөлтек ауданында өткен төртінші кезеңде 12 қатысушы болды. Бұл жолы қатысушылар ауыр салмақ іліп алып отырып-тұру жаттығуын, кейін белтемірге (турник) тартылу, соңғы болып жерден көтерілу (отжимания) жаттығуын жасады. Ең жылдам осы үш жаттығуды орындаған сайыскер жеңімпаз атанды.

25 жастағы Мұздыбаев Нурик 1:32,91 уақытымен бірінші орынға ие болды. Ең жасы үлкен қатысушы 27 жастағы Шыңғалиев Олжас 1:58,93 уақытымен екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті 25 жастағы Талғатов Бекзат 1:59,72 уақытымен түйіндеді. Одан бөлек, Еркен Бейбарыс (2:04,57) пен Ғазимов Сұлтан (2:25,75) ақтық сынға жолдама алды.

DSC_0270

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусым күні  төрт кезеңнен іріктеліп, үздік атанған 20 қатысушы  Қ. Сұмағұлов аллеясындағы «Бар барыс» спорттық алаңында ең мықтыны анықтайтын болады.

Осы уақытқа дейін өткен төрт кезеңде жастардың «Street Workout»-қа деген қызығушылығы зор екенін байқуаға болады. Жүздеген қатысушы соның дәлелі бола алады. Жарыс ұйымдастырушылары аталған сайысты әр сайын тұрақты түрде өткізуді мақсат етіп отыр.

 

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Әсем

    STREET WORKOUT аудандық ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ жибере аласыздарма?

  2. Атырау газеті author

    Сәлеметсіз! Бұл туралы облыстық спорт басқармасынан біле аласыз.