Құрылысшылар еншісінде екінші орын

ryilyisshyilar enshisinde ekinshi oryin Қоғам

Атырау қаласында құрылысшылар күніне орай облыстық құрылыс басқармасының ұйымдастыруымен кіші аяқдоптан жарыс болып өтті.

Құрылысшылар еншісінде екінші орын

Бұл жарыстың ерекшелігі – бұған аудандармен қоса құрылыс саласына қатысы бар облыстық басқармалар мен департаменттер де қатысты. Біздің ауданнан барған аяқдопшылар Мақат ауданымен бірігіп, ортақ құрама шығарды. Өз топтарынан бірінші болып шыққан қос ауданның құрамасы жартылай финалда Құрманғазы мен Исатай аудандарынан құралған команданы жеңіп ақтық сынға жолдама алды.

Финалда Индер және Махамбет аудандары құрамасымен кездесіп, негізгі уақытта тең ойнап, ойын соңындағы пенальти сериясында жеңіліп, екінші орынға ие болды. Кәсіби мереке қарсаңында жүлдегер атанған команда кубок, медаль және естелік сыйлықпен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз