Құрманғазылық ұстаздар – алдыңғы лекте

Screenshot 4 Қоғам

Жуырда «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында облыстық спартакиада өтті.

Screenshot_4

Ұстаздар арасындағы достық қатынасты нығайту мақсатында Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы мен Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Атырау облыстық ұйымы ұйымдастырған спорттық шараға жеті аудан мен Атырау қаласының мұғалімдерінен жасақталған  командалар қатысты.                       

Спартакиада үш күнге созылып, жарыстар спорттың алты түрінен өткізілді. Тартысқа толы сайыстардың нәтижесінде баскетболдан Исатай ауданы, волейболдан Құрманғазы ауданы, шахматтан Мақат ауданы, тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен Жылыой ауданы, гандболдан Индер ауданының мұғалімдері жеңімпаз атанды.

Ал, жалпыкомандалық бірінші орынды Құрманғазы ауданы, екінші орынды  Жылыой ауданы, үшінші орынды Исатай ауданы мектептерінің  ұстаздары иемденді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз