Дмитрий Ли – Паразиаданың чемпионы!

20181009110629 Қоғам

           Индонезия астанасы – Джакартадан тағы бір сүйінші хабар жетті. Бұған дейін жүзуден екі күміс, екі қола медаль еншілеген атыраулық спортшы Дмитрий Ли Паразиада чемпионы атанды.

20181009110629

Бүгін ол S10 санатында 400 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынады. Бұған дейінгі сайыстарда жүлделі орыннан көрінген ол бұл жолы қарсыластарын қапы қалдырып, Паразиаданың алтын медаліне қол жеткізді. Ол аталған қашықтықтың мәресіне қарсыластарынан 12 секунд бұрын жетті.

Осылайша, Дмитрий Ли Паразиадада еншілеген медальдар санын бесеуге жеткізді.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз