Денис Теннің шеберлік сағатын тамашалауға 500-ден аса адам жиналды

WhatsApp Image 2018 04 28 at 11.25.54 1 Қоғам

Сочидегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен Атыраудағы мәнерлеп сырғанауды ұнататындар үшін шеберлік сағатын көрсетті. Оны тамашалауға 500-ден аса көрермен жиналды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-04-28 at 11.25.52 (1)

Балалар Денистің келуін асыға күтті, шеберлік сағаты оның барлық қойылымдарын көрді. Енді олар жаңа жетістіктер мен жеңістерге ұмтылуға ынталанады, – дейді жас сырғанаушылардың бірінің анасы Виктория Ли.

Мәнерлеп сырғанаудан Сочидағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің өзі атыраулық мәнерлеп сырғанаушылардың дайындықтарын жоғары бағалап, шеберлік сағатының Атырау облысындағы осы спорттың дамуына үлкен үлес қосатынына сендірді.

WhatsApp Image 2018-04-28 at 11.25.54 (1)

Бірінші кезекте облыс басшылығының спортты, соның ішінде мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өту керек. Балаларға сапалы жаттығу жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған. Атыраудағы мәнерлеп сырғанаудың болашағы зор деп ойлаймын, – дейді Денис Тен.

Айта кетейік, спортшы әзірге Олимпиада ойындарынан кейін демалу үстінде. Жарақатынан соң қайта мұз айдынына шығып, үлкен белестерді бағындыруды мақсат қойып отыр.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз