«БЕЙБАРЫС» КЛУБЫ – бірінші орында! (+ФОТО, +ВИДЕО)

ykKDwVAws7U БЕЙНЕЖАЗБА

            Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екі кезеңінің ойындары аяқталды. Атыраудың «Бейбарыс» клубы кеше кешкісін өз айдынында  «Теміртау» хоккейшілерімен екінші кездесуін өткізді.

             Алғашқы күні қонақтар қақпасына бес шайба соғып, оңай жеңісті олжалаған «Бейбарыс» кешегі ойында теміртаулықтарды негізгі уақытта жеңе алмады. Кездесудің  6-шы минутында «Теміртау» командасынан Лызин есеп ашты. Араға он минут салып, жерлестеріміз Некрячтің көмегімен есепті теңестіргенімен екінші кезеңнің алғашқы алты минутында қонақтар екі шайба соқты. «Бейбарыс» хоккейшілерінен Митряков пен Куликов Лазарев қорғаған қақпаны дәл көздеп, негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды.

            Төреші белгілеген овертаймда біздің хоккейші Степаненко «Бейбарыс» үшін жеңіс шайбасын соқты. Сөйтіп, соңғы он екі ойынды жеңіспен аяқтаған олар 54 ойыннан кейін 114 ұпай жинады. Атыраулықтар біріншілік көшін біразға дейін бастап келген Көкшетаудың «Арланын» екінші орынға сырғытты. Үшінші, төртінші орындарға Павлодардың «Ертісі» мен Өскеменнің «Алтай-Торпедосы» жайғасты.

             Алдағы плей-офф ойындарында жерлесеріміз жеңісті жолын жалғастырады деген үміттеміз.

uwpvzbIVy60 1
vOIPMUaLFs4
cC0QuCFP EY
YB DO yiJ5Y
ufaXHrx6ItY
D Dw4CU22I4

Бақытжан  ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз