Атырауда велоспорт секциясы ашылады

velo1 Жаңалықтар

Атыраулық балалар жаппай велоспортпен айналысу мүмкіндігіне ие болды. Облыс орталығындағы Авангард шағынауданында орналасқан №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаппай велоспорт секциясы өз жұмысын бастауда.

Мұнайлы өңір тұрғындарына  таңсық осы бір спорт түрінің қыр-сырын үйретуге сонау  Талдықорған қаласынан  арнайы білікті жаттықтырушы шақыртылып,  демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 велосипед сатып алыныпты. Қос дөңгелекті көліктің осы маркасын алуды қазақстандық әйгілі велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұсынған екен. Қазіргі күні секцияның ашылуына дайындық жұмыстары жүргізіліп, веосипедтің тізгінін ұстауға ниет білдіруші 10-15 жас аралығындағы балалар топтастырылуда.

velo

Толыққанды үйретуді наурыз айында бастауды көздеген ұйымдастырушылардың айтуынша, жаттығу жұмыстары Авангард шағынауданында орналасқан №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде және Нұрсая шағынауданындағы №48 үйдің астынан ашылатын залда өткізілетін болады. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз