Бауыржан – әлем чемпионы

Bauyirzhan lem chempionyi Қоғам

Жуырда Астана қаласында отыздан астам ел спортшылары бас қосқан әлем чемпионатында атыраулық полицей жеңістің биік тұғырынан көрінді. Соңғы 18 жылда спорттың каратэ-киокушинкай түрімен үздіксіз шұғылданып жүрген Бауыржан Күмісқалиев әлем чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

????????????????????????????????????

Отыз жасар полиция аға лейтенанты – департаменттің жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы. Бауыржан бұрын да әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарған. 2013 жылы каратэ шеберлерінің «отаны» – Жапония астанасы – Токиода мықтылармен бақ сынап, жеңіспен оралған жерлесіміз бұл жолы екінші мәрте әлем спортшыларына өзін мойындатты. Оның айтуынша, қызу тартыс ақтық айналымда – Ресей Федерациясынан келген спортшымен болған. Көршіге дес бермеген қара белбеу иегері, каратэ-киокушинкайдан 1-дан атағын иеленген Бауыржан Күмісқалиев ішкі істер органдарында үш жылдан бері қызмет етеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз