Батырларға арналған бәсеке

sport Қоғам

«Жайық» спорттық мәдени кешенінде батыр бабаларымыз Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухына арналып өткізілген  бокстан ересектер арасындағы Х халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

sport

Дүбірлі додаға Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен жүзге жуық былғары қолғап шеберлері қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Азамат Бекет және осы турнирге құрметті қонақ есебінде шақырылған әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов пен Галиб Жафаровтар турнирдің сәтті өтуіне сәттілік білдірді.

Бұл турнирде Атыраудың намысын 17 боксшы қорғап, Асылхан Ұзақбаев (60 келі) пен Есенаман Шунгарин (+91 келі) алтыннан алқа тақты. Ал, Ержан Ордабаев (64 келі) пен Айбек Эрметов (+91 келі) күміспен күптеліп, Сұлтанбек Нұрбердиев (49 келі), Мерей Құрманғазы (52 келі), Сұңқар Тельманов (81 келі), Нұралы Әлімбетовтерге  (+91 келі) қола медаль бұйырды. Жалпы командалық есепте қазақстандықтар 7 алтын,  5 күміс, 11 қола медальді иеленді. Сондай-ақ,  Иран, Моңғолия, Ресей елдерінің спортшылары бір-бір алтыннан еншіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне, өңірімізде өткізілген қайырымдылық велошеруге арнайы келген Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Илья Ильиндердің қатысуы жарысқа ерекше көрік берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз