Атыраулық волейболшылар Мьянмадан жүлделі оралды

38790769 2240442639509448 5134394185574514688 n Қоғам

Мьянма елінде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлық бәсекесінде «Атырау» волейбол командасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

38790769_2240442639509448_5134394185574514688_n

Әуежайда спортшыларды облыстық спорт басқармасының қызметкерлері мен бір топ спорт жанашырлары салтанатты түрде күтіп алды.

«Алдымен іріктеу кезеңінде ирандық «Эрдекан» командасынан 3:1 есебімен жеңіліп қалдық. Екінші ойында Жапонияның мықты командасы «Торай Эрроусті» 2:3 есебімен тізе бүктірдік. Ал ширек финалда Шри-Ланкалық «Ланка Лайоес» командасын 3:1 есебімен жеңсек, жартылай финалда пәкістандық «Вапда» командасын 2:3 есебімен ұттық. Өкінішке қарай, финалда тәжірибелі әрі мықты Иранның «Хатам Ардакан» командасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұттық», – дейді спортшылар.

Айта кету керек, атыраулық команда ойыншылары Роман Хандролин «Ең үздік пас беруші» және Айбат Нейталлин «Ең үздік ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз