Атыраулық каратэшілер Азия чемпионатынан жүлделі оралды

WhatsApp Image 2018 06 19 at 15.10.22 Қоғам

Астанада киокушинкай каратэден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-19 at 15.10.22

16-17 маусым күндері болған байрақты бәсекеге 12 елден 250 спортшы қатысты.

Азия құрлығының үздіктері қатысқан сайыста атыраулық каратэшілер 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Карина Досимова, Глеб Повстянко және Дінмұхаммед Әбдіғали Азия чемпионатының финалистері атанды. Аружан Абдрахманова мен Карина Калистру үздік үштіктен көрінді. Құраманың ең үздік спортшыларының бірі, Әлем чемпионы Андрей Котов қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, спортшыларды Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Рүстем Байбосынов жарысқа дайындаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз