Атырауда Универсиада өтеді

Screenshot 2 Қоғам

Былтырғы қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Каспий маңы мемлекеттері университеттерінің ХХ Ассамблеясы өткен болатын. Сол басқосуда  студенттердің  спорттық ойындарын Атырау қаласында өткізу мақұлданған еді. Осы шешімнің негізінде мұнайлы өңірімізде 24-30 қыркүйек аралығында  Каспий маңы мемлекеттері университеттерінің VI халықаралық спорттық ойындары өтетін болады.

Screenshot_2

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры Ләйлә Қойшығұлова мен дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, өткізілетін спорттық ойындардың бас төрешісі Алпысбай Аралбаев мәлім етті.

Аталмыш шараға Ресей, Иран, Әзербайжан, Түркіменстан елдерінің және Каспий өңіріндегі қазақстандық жастар жиналмақ. Бір аптаға созылатын спорттық додаға 600-ге жуық студент қатысады деп күтілуде. Жарыстар спорттың футбол, дзюдо, волейбол, баскетбол, шахмат, каратэ, бокс, үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика секілді 10 түрін қамтиды.

Универсиаданың ойындары қаладағы бірнеше спорттық нысанда өтеді.

Мұратбек Төлегенұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз