Атырауда ММА M-1 Challenge-ден халықаралық чемпионат өтеді

2018 08 27 124546693700 Қоғам

Халықаралық чемпионат 15 желтоқсанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде болады.

2018_08_27_124546693700

«Challenge Battle in Atyrau» жарысында қазақстандық спортшы Сергей Морозов WEF GLOBAL чемпионы Бақытбек Дуйшобаевпен (Қырғызстан) жарыс алаңына шығады. Аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев бразилиялық Кайк Аленкармен айқасады. Ал, Абылай Төлеш ресейлік Сергей Клюевпен күш сынасады.

Кештің басты кездесуі – M-1 Challenge чемпионы белдігі үшін жартылай жеңіл салмақта Андрей «Iron» Лежнев (Украина, 18-7) Нейт «The Train» Ландвермен (АҚШ, 11-2) шығады.

Осылайша, америкалықты алғашқы жеңімпаз атағын қорғау сәті күтіп тұр, ол «Train»-нан атыраулық көрерменге нағыз шоу көрсетуге дайындық үстінде.

Айта кетейік, М-1 Challenge — халықаралық спорттық бренд және аралас жекпе-жектен турнирлер ұйымдастырушы. Қазақстандық жауынгерлер үшін бұл брендтің жарысына қатысу UFC-ге жол ашады.

Бұл бағыттағы көп жұмыстарды ҚР ММА, аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Сағындык Макеев атқарды. Соның арқасында Қазақстанда халықаралық дәрежедегі жеңімпаздар тәрбиеленуде.

Айта кетейік, М-1 Global жұмысын бастағалы бері 200-ден астам турнир өткізген, оның ішінде Road to M-1, М-1 Selection және M-1 Challenge де бар. Турнир өткізу географиясы ретінде Ресей, Украина, Грузия, АҚШ, Жапония, Бразилия, Испания, Нидерланды, Германия, Корея, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Финляндия мемлекеттері бекітілген.

Биыл Атырау Қазақстанда тұңғыш рет осындай жоғары дәрежедегі жарыстарды өткізу құрметіне ие болып отыр. Турнир облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз