Атырауда аула командалары арасында стритболдан сайыстар өтеді

WhatsApp Image 2018 06 21 at 13.26.01 Қоғам

Астананың 20 жылдығына арналған аула командалары арасындағы «Atyrau Open» қалалық турнирі 1 аптаға созылады. Жарыс 23-28 маусым аралығында 2002-2007 жылы туылған аула жасөспірімдері арасында өтпек, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

WhatsApp Image 2018-06-21 at 13.26.01

Балалар үшін бос уақыттын, жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, осы спорт түрін дамытуға серпін беру мақсатында жарыстар мақсатты түрде ұйымдастырылады. Қалалық турнирге 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Бірінші кезең 23 маусым күні АМГУ ауласында, екінші кезең 25 маусымда 17 орта мекетепте, үшінші кезең 26 маусым күні 16 орта мектепте өтеді деп жоспарлануда. Ал жарыстың соңғы кезеңі 28 маусым күні «Мұнайшы» спорт кешенінде, сағат 10:00 болады.

Төрт кезеңнен іріктеліп шыққан қатысушылар 1 шілде күні «Байзар» сауда орталығының алдында сынға түседі. Жеңімпаздарды 6 шілде күні «Бейбарыс» алаңында финалдық бәсекеде анықтайтын болады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болады.

Айта кету керек, жарысқа қатысу бойынша өтініштер 87017485766, 87010520077 байланыс нөмірлері арқылы қабылданады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз