«Атырау» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

Hi1A4jly6Sg Жаңалықтар

«Атырау» ФК-ның жаңа директоры болып 33 жасар Қонысбай Шпанов тағайындалды. Бұл туралы аталмыш футбол клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Hi1A4jly6Sg

Шпанов Қонысбай Әдиұлы – 2002-2003 жылдары Алматы қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы мектеп-интернатында тәлім алған. Кейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. 2010-2012 жылдары инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер Қазақстан университетінде құқықтану мамандығын бойынша білім алған.

2017-2018 жылдары Атырау облысы мүгедектер спорт клубы ҚКММ директоры болып қызмет атқарған. Осыған дейін Атырау облысы жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры лауазымында болды.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз