Дархан – Азия ойындарының чемпионы

129668 1512617836 Қоғам

Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында отандасымыз Дархан Нортаев джи-джитсудан 62 келі салмақта алтын жүлдеге ие болды.

129668_1512617836

Осыған дейін 2016 жылы әлем чемпионы және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған ол жарыс жолында Бахрейн, Филиппин, Қырғызстан спортшыларын жеңіп, ақтық сында да БАӘ-нен келген Омар әл-Фадхлиден басым түсті.

Биылғы Азия ойындарына аттанған қазақстандық 440 спортшы әзірге 4 алтын, 7 күміс, 26 қол медаль еншілеп, жалпы есепте 11 орында келеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз