Скейт бағы спортқа үндейді

Атырау қаласындағы Вокзал маңы ықшамауданынан алғашқы скейт бағы ашылды. Жастар арасында кеңінен танымал мұндай алаңда скейтборд, ролик, самакат тебуге болады.

1

Жоба жетекшісі Андрей Журавлевтің айтуынша, бұл – спорттың экстремалды түрлеріне қызығушылық танытып жүргендер үшін мол мүмкіндік. Әсіресе, түрлі акробатикалық қимылдар жасауға өте ыңғайлы. Енді оқушылар мен кәсіби спортшылар осында келіп, жаттыға алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото om1.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*