Әскерге бармай-ақ 40 күндік даярлықтан өтуге болады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Ғани Артықов 40 күндік әскери даярлық мектебінен өтудің шарттарын түсіндірді.

B514A76D-67D6-4876-A6B7-56D7DA713F5F_cx0_cy8_cw0_w1023_r1_s

«Әскери қызметке баламалы қызмет жайлы айтарым, ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-тен асқан, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады. Қарулы Күштеріміз сан бойынша аса ауқымды емес болғандықтан, сондай-ақ барлық шақырылушы контингентті әскери дайындықпен 100 пайыз қамту мүмкін болмағандықтан, әскери дайындықтың баламалы түрі ұсынылды. Ақылы түрдегі әскери дайындық мектептерінде оқу үшін азамат өтінімді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беріп, одан кейін медициналық комиссиядан өтеді»,-деді Ғани Артықов.

Оның айтуынша, мұндай іріктеу жыл сайын 16 департаменттің барлығында өткізіліп тұрады.

«Азаматтардың өтінімі бойынша біз олардың барлығын әскери дайындық мектебінен өткіземіз. Ең бастысы – денсаулығы жарамды болуы керек. Ақылы әскери дайындық мектебінен өту бағасы 263 мың 158 теңге»,-деді ол.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*