ШЫРАЙЫ КІРГЕН ШАЛҒАЙ АУДАН

 – Бұл игілікті  іс, – деді  Бақтықожа  Салахатдинұлы. – Республика көлемінде 36 ветеринариялық зертхана салынуы тиіс болса, оның біреуінің Қызылқоға ауданында іргетасы қалануының өзі төрт түлік мал өсірумен шұғылданатын жергілікті тұрғындар үшін тиімді болары анық.

Сонымен қатар, Бақтықожа Салахатдинұлы облыстық бюджеттен қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша қаржы бөлініп, өткен жылдың күз айынан бастап күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 250 балаға арналған «Нұршуақ» балалар бақшасының ғимаратында болды. Бұл – бұрынғы орталық аурухананың үш қабатты үйі. Облыс басшысы нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған батысқазақстандық «АзияТехСтрой» ЖШС-нің басшысы  Армат Әлімбетовке құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына ерекше мән беруді тапсырды.

МІНДЕТ АЙҚЫН, НАҚТЫ ІС КЕРЕК

Аудандық мәдениет үйінде өткен актив жиналысында аудан әкімі Мақсот Мұқановтың есепті баяндамасынан соң Көздіғара ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Аманкелді Сақтағанов сөз алып, ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

– Ауданға бұрын келген кезінде облыс әкімі көптеген мәдениет ошақтары мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан болатын. Енді, міне, игілікті істің нәтижесінде өзім тұратын Қоныстану селосындағы қырық жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген «Самал»  мәдениет  үйіне,  «Қызғалдақ» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазір ауыл адамдары рахатын көруде, – деді ол. 

Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі зейнеткер Төлеп Тілегенов былай деді:

– «Мәңгілік Ел» боламыз десек, «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – бірлік» екенін есімізден шығармайық. Ең алдымен ауданымызды жасыл желекке бөлейік. Ауа райы өзгеріп, айналаны құм басып барады. Сондықтан, Миялыдан Қарабауға дейін жасыл шыбықтарды жерсіндірейік. Келешекте де ауылда спортқа ерекше көңіл бөлінсе деймін. Себебі, ауданымыз облыс бойынша спорттағы жетістіктерден екінші орынға шығып отыр. Мал бордақылау  алаңдарын жасақтау қажет. Демографиялық ахуалды жақсартуға көңіл бөлген дұрыс. Аналарға берілетін  жәрдемақы мөлшері келешекте көбейсе екен деймін. Аудан орталығында Халық банкінің филиалы жоқ. Газет-журнал тасу ісінде де «әттеген-ай» дегізерлік жайттар бар. Ауданымыздың құрылғанына 70 жыл толғалы отыр. Осы мерейлі күнге дайындық жұмыстарына көңіл бөлінсе екен».

Сағыз селосының тұрғыны, зейнеткер Байғали Досымбаев темір жол бойындағы өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері жаңартылмаған электр желілерінің бүгінгі жай-күйіне тоқталды. «Тұрғындар кешкі уақыттарда электр энергиясын қажетінше пайдалана алмайды. Түнгі 23 сағаттан кейін ғана электр жарығының қуаты күшейеді» –  деді ол.

Мұқыр ауылдық округінің тұрғыны Ақниет Сахиев ауылдан өрт сөндіру бөлімшесін ашу қажеттігін сұраса, Жанкелдин ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әби Еңсеген ауылдағы учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үйлермен қамтамасыз етудің қажеттігін атап айтты, осы округтегі «Аян» шаруа қожалығының жетекшісі Бақытжан Мақанов «Индер-Миялы-Қарабау-Сағыз» тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, осы уақытты пайдаланып, жол бойындағы ауылдардың ішіне тас  жол  төсеуге болмас па екен?» деген сауалын жеткізді.

«Тасшағыл» өндірістік кооперативінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Оңғар Жанықұлов: «Тасшағыл селосындағы «Жауқазын» балалар бақшасында небәрі 13 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ескі ғимарат қаншама жөнделсе де, бүгінгі заман талабына сай келмейді. Ауылда балабақша кезегінде 85 бүлдіршін тұр. Сондықтан, ауыл тұрғындарының сұранысына орай жаңа балабақша керек» – деді.

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін, сауалдарын мұқият тыңдаған аймақ басшысы Бақтықожа  ІЗМҰХАМБЕТОВ  Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын алда тұрған міндеттерді саралап көрсетті.

* әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеу, құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде жүргізілуін қамтамасыз ету;

білім беру сапасын арттыру;

* денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытып, қажетті дәрігер мамандарымен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;

* қыстан ойдағыдай шығуға бағытталған шараларды күнделікті бақылауда ұстап, жұмыстар жүргізу;

* жоғарғы технологиялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, оларды облыстық индустрияландыру картасына қосу шараларын алу;

* қылмыстылықпен күресті күшейту;

* ауданға азық-түлікті тұрақтандыру қорынан бөлінген 246,4 тонна картоп және көкөніс өнімдерінің тек қана 32 пайызы ғана тасымалданып отыр, осы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру; 

* малды қыстан аман шығарып, мал басын көбейту  шараларын алу.

Жиналысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, облыстық Мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов қатысты.

Дайындаған  Мағрупа  ҚАЗИХАН, Бақытгүл БАБАШ. 

Қызылқоға  ауданы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*