ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ, ПАРАСАТТЫ ПАЙЫМ

Семинарды ашқан Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Эльдар Толғамбаев Қазақ елінің бүгінде маңызды кезеңдерді бастан өткеріп жатқандығын атап айтты. «Биыл Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл, Ұлы Жеңіске – 70 жыл толып отыр. Қоғамдық келісімнің алаңына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды. Әлем елдерінің көпшілігі қаржы дағдарысын бастан өткеріп жатқан уақытта біздің мемлекетіміз индустрияландыру картасының екінші бес жылдығына аяқ басты. Бюджетке түзету енгізу – ғаламдық экономикалық дағдарыс мезгілінде қолға алынуы тиіс қажетті шара екендігін ескерсек, халыққа мейлінше шынайы, объективті ақпарат жеткізу маңызды» деген ол алда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен бірге, экономикалық патриотизмді қалыптастыру міндеті тұрғандығын айтты.

Одан әрі семинар оқиғалық ойындармен жалғасты. Ойынның бірінші бөлімінің тақырыбы индустрияландыру картасын тиімді жүзеге асыру және оны ақпараттық насихаттауға арналса, екінші бөлімде төтенше жағдайда мемлекеттік органдар мен журналистердің жұмысын ұйымдастыруға ерекше басымдық берілді. Семинардың екінші күні әлеуметтік желілер мен блогтарға, жалпы интернет кеңістігіне ақпарат орнату мәселелеріне арналды.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*