Шри-Ланкада шахматтан өткен Азия чемпионатында атыраулық спортшы жүлделі болды

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Диляра ҒАБИТОВА Шри-Ланкада шахматтан өткен Азия чемпионатында жүлделі 2 орынға табан тіреді.

Ол үш номинация бойынша блиц, рапид және классикадан оқ бойы озық шықты.

Asian Chess Championship-2019  халықаралық байқауына әлемнің 23 мемлекетінен 572 үміткер бағын сынаған. Ал атыраулық оқушы 18 жасқа дейінгі ойыншылар санатында үздік үштікке енді.

Диляра ҒАБИТОВА шахматтан спорт кандидаттығына үміткер. Ол алыс-жақын шет елдерде талай мәрте топ жарған дарынды оқушы. 2018 жылы Прагада шахматтан жасөспірімдер арасында өткен сайыста жүлделі 1 орынды қанжығалады.

“Atr-ақпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *