Шешімін күткен мәселе көп

АПТА: түйін Жаңалықтар Мәселе

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингке облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллин келді.

Шеш¦м¦н к__ткен м__селе к__п

Эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты

Эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, өткен жартыжылдықта 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда, облыста жұқпалы аурулардың бес түрінен аурушаңдық деңгейі төмендеп, 5-еуінен жоғарылаған. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, биыл инфекциялық және паразитарлық аурулармен аурушылықтың жалпы көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 315,9-дан асырмау көзделген. Нақтысында, ол 185,5-ті құраған.

Туберкулез көрсеткіші көтеріліп тұр

Осы кезеңде жіті ішек ауруларының деңгейі өткен жылғыдан 20,4 пайызға жоғарылаған. Осылайша, тіркелген 200-ге жуық ауру дерегінің 98,9 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тисе, екі жасқа дейінгі сәбилердің үлес салмағы 95 пайызға тұрақтаған. Нәтижесінде, әрбір 100 мың адамға шаққандағы аурушылық көрсеткіші 32,7-ден айналып, республикалық орташа деңгейден (29,1) асып кеткен. Сол сияқты, туберкулезбен аурушылық бойынша да өсім барлығы байқалады. Тұтастай алғанда, туберкулездың белсенді түрімен есепте тұрғандардың саны 1065-ті құрап, өткен жылғы деңгейден 14,6 пайызға азайған. Облыста 259 бала туберкулезге қарсы екпе алмаған болса, олардың дені, яғни 203-і Атырау қаласында, сондай-ақ, Жылыой мен Құрманғазы аудандарында тіркелген.

 Су сағатпен беріледі

Департамент басшысының мәлімдеуінше, облыс тұрғындарының 97 пайызы тазартылған ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 72 су тазарту қондырғысының 37-сі тексеріліп, 160 ауыз су сынамасы зертханалық бақылауға алынған. Қорытындысында, олардың 8,1 пайызының бактериологиялық және 19,3 пайызының химиялық көрсеткіштері бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіндігі анықталған. Өзекті мәселенің бірі – әлі күнге дейін ауыз судың үзіліспен берілетіндігі. Мұндай жағдай Махамбет, Индер, Исатай, Құрманғазы және Жылыой аудандарында орын алып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *