«Шапағат» орталығы – арнайы сыйлықтың иегері

Астана қаласында өткен VIII Азаматтық форум аясында Атыраудың бір топ қоғамдық ұйымдары арнайы сыйлықты иеленді. Олардың қатарында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы да бар.

edd02f02-df81-44e4-8fe9-6ec8f67c8cb5

Жат ағымнан жапа шеккендерге рухани, психологиялық тұрғыда көмек беріп, көптеген адамдардың хақ дінге қайта оралуына мүмкіндік жасап жүрген «Шапағат» орталығы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін  арнайы сыйлықты иемденіп отыр.

«Республикалық деңгейде мұндай марапатты иелену – біздің ұйым үшін үлкен мәртебе. Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі маңыз беріп, арнайы қатысқан форумда 2020 – 2025 жылдар аралығында азаматтық қоғамды дамытудың Концепциясы талқыланды. Форумда талқыланған мәселелер қоғамдық ұйымдардың жаңаша бағытта дамуына серпін береді деп ойлаймын» дейді «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының директоры Мұрат Тұрлыбеков.

Айта кетелік, Астана қаласында өткен VIII Азаматтық форумды ҚР Қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстанның азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жалпы саны 850 делегаттың басын қосқан форум жұмысына Атырау облысы бойынша 22 өкіл қатысты. Арнайы сыйлық иеленген атыраулық үшінші сектор өкілдерінің қатарында  «Атырау. Маленькая страна», «Мүгедек әлемi» және «Жерұйық» қоғамдық ұйымдары бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*