Шамадан тыс жүк тиеген жүргізушілер жазаланды (ФОТО, ВИДЕО)

Атырау облысында шамадан тыс жүк тиеген 2  жүк көлігі жүргізушілері ұсталды. Құқық бұзушылар 10 тоннадан аса жүкті құжатсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Науаров.
DSC02252

7 наурыз күні Жылыой ауданының Құлсары-Ақкиізтоғай бағытындағы тас жолында Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясы мамандары 10 тоннадан аса «сусымалы топырақ» тасымалдаған «Howo» маркалы 2 жүк көлігін тоқтатты.

20180307_215722

– Салмақтық параметрлері рұқсат етілген мөлшерден 10 тонна және одан көп асырылғаны үшін көлік жүргізушілеріне 216 450 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, жүк көліктері айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, екі көлікті қосқанда жүріп өткен жолы үшін олардан 41 мың 500 теңге алым сомасы өндірілетін болады, – дейді Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің жетекші маманы Батырбек Шеркешбаев.

20180307_215714

Тексеру кезінде құқық бұзған жүргізушілерде тауар-көліктік құжаты да болмағандығы анықталды. Жүргізушілер заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Хорлан Смадияр

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*