Латын қарпінен алғашқы жалпыхалықтық диктант өтеді

2018 11 12 061034821000 Шаһар шырайы

Шараға 15 жастан асқан барлық облыс тұрғындары қатысуға құқылы, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

2018_11_12_061034821000

Диктант 14 қараша күні, сағат 10.00-де Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Шара білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарда, кітапханаларда, мемлекеттік мекемелерде, т.б. жерлерде ұйымдастырылады.

Бұл латын алфавитін кеңінен таратуға бағытталған алғашқы жалпыреспубликалық диктант. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ тілінің жаңа графикасын қоғам қалай қабылдайтынын талдау.

Ұйымдастырушылар қашықтан диктант жазу мүмкіндігін ұсынады. Ол үшін emle.kztilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып, жаза алады. Сондай-ақ, диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшем шарттары шығады. Кері байланыс алу үшін қатысушылар жазбаша мәтінді сканерлеп немесе суретке түсіріп tilalemi.kz@gmail.com-ға жіберуі керек.

Арнайы әзірленген парақта жазылған диктантты тіл мамандары бағалайды, қорытынды ақпарат облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада жинақталады.

Диктант жазу шарасына қатысуға ниетті азаматтар 8 (7122) 35-45-68, 27-00-61 байланыс телефондарына хабарласа алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз