Күй күмбірлеп, ән әуеледі…

K y k mbirlep n ueledi Мәдениет

Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде жоспарланған Атырау облысындағы «Астана қаласының мәдениет күндері» аясында көрермен назарына ұсынылған тағылымды шаралардың қатарында «Астанаға – арнау» атты концерттік бағдарламаны атауға болар еді.

Күй күмбірлеп ән әуеледі

Мұнайлы Астанадағы Бейбарыс алаңында атыраулықтар мен шаһар қонақтарына тамаша тарту мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы болды. Концерттің шымылдығы «Нарын» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің орындауындағы жерлес композитор Еділ Құсайыновтың «Атырау – Алтын орда» күйімен ашылды.

Бағдарламаға енгізілген жиырмаға жуық өнер көрсетушілердің қай-қайсысы да көрерменді бейжай қалдырмағаны анық. «Камелия», «Жем аруы», «Інжу-Маржан», «Жайық қызы» және басқа би ансамбльдерінің оркестрдің сүйемелдеуімен орындаған нақышты билері көпшіліктің назарын аударды. Сол сияқты, дәстүрлі әншілердің шырқауындағы халық әндері мен терме-жырлар, «Дарын» ер балалар хоры әуелеткен «Еділ мен Жайық», жекелеген әншілер шалқытқан «Астанам», «Астана кеші», «Атырау – қазыналы мекенім», «Есілдің жағалауы» сынды әндерге көрермен қауым қошеметпен қол соқты.

Атыраулықтардың «Астанаға – арнауы» күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйімен және «Елім менің» әнімен түйінделді.

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз