Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. «Ақжайық» газетінің негізін қалаған белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының Басқарма мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Әбділдә Рахмеджанұлы Мұқашев 58 жасында өмірден озды.
Әбділдә Мұқашев – Атырау облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын баспаханада бастаған Әбділдә Мұқашев кейін жергілікті «Прикаспийская коммуна» газетінде тілші болды.
Тәуелсіздік елең-алаңында «Ақ жайық» газетінің негізін қалады. Бүгінде «Ақ жайық» республикаға танымал белді басылымдардың біріне айналды.
«Атырау – Ақпарат» ЖШС, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің ұжымдары марқұмның отбасына, туыстарына және «Ақ Жайық» ЖШС ұжымына қайғырып көңіл айтады. Қазақ журналистикасының ақтаңгері Әбділдә Рахмеджанұлы Мұқашевпен қоштасу және жаназа рәсімі 29 қаңтар күні сағат 9-да Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан «Ақ Жайық» ЖШС кеңсесінде өтеді. Жаназадан кейінгі қарасы Бейбарыс даңғылы, 215А мекен-жайында орналасқан «Родем» мейрамханасында жайылады.
Жаны жаннатта болсын. «Ақ Жайықты» жұрт іздеп жүріп, оқитын еді. Тәуелсіз басылымның үлгісін көрсеткен азамат еді, топырағы торқа болсын. Жаны жаннатта болғай.