Қазақстанның Құрметті журналисі Әбділдә Мұқашев өмірден өтті

mukashev 1 Шаһар шырайы

Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. «Ақжайық» газетінің негізін қалаған белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының Басқарма мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Әбділдә Рахмеджанұлы Мұқашев 58 жасында өмірден озды.

мукашев
Әбділдә Мұқашев – Атырау облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын баспаханада бастаған Әбділдә Мұқашев кейін жергілікті «Прикаспийская коммуна» газетінде тілші болды.
Тәуелсіздік елең-алаңында «Ақ жайық» газетінің негізін қалады. Бүгінде «Ақ жайық» республикаға танымал белді басылымдардың біріне айналды.
«Атырау – Ақпарат» ЖШС, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің ұжымдары марқұмның      отбасына, туыстарына және «Ақ Жайық» ЖШС ұжымына қайғырып көңіл айтады. Қазақ журналистикасының ақтаңгері Әбділдә Рахмеджанұлы Мұқашевпен қоштасу және жаназа рәсімі 29 қаңтар күні сағат 9-да Атырау қаласы, Жарбосынов көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан «Ақ Жайық» ЖШС кеңсесінде өтеді. Жаназадан кейінгі қарасы Бейбарыс даңғылы, 215А мекен-жайында орналасқан «Родем» мейрамханасында жайылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Риза Әлмұханова

    Жаны жаннатта болсын. «Ақ Жайықты» жұрт іздеп жүріп, оқитын еді. Тәуелсіз басылымның үлгісін көрсеткен азамат еді, топырағы торқа болсын. Жаны жаннатта болғай.