ШАҺАР БАСШЫСЫ – ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ

Алдымен, аға жаттықтырушы Талап Мұхановтың өткен жылғы федерация бойынша атқарыл-ған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. «Төрт жылда бір рет қана ұйымдастырылатын олимпиада ойындарына барлығы 22 палуан қатысады. Соның екеуі – ел біріншілігінің жеңімпазы, әлемдік рейтингте алғашқы он алтылыққа еніп, бесінші орыннан көрінген Асқар Телманов және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде былтыр қола жүлдені иеленген Назгүл Ғұбашева. Олардан басқа Наурызбек Майлашев, Мағауия Табиғат, Бақтыбай Дастан, т.б. спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетуде. Алда жаңа президенттің нұсқауымен биік белестерді бағындырамыз деп үміттенеміз» – деді ол.

– Маған зор сенім артып, осынау маңызды құрылым басшылығына тағайындап отырған федерация мүшелеріне алғысымды айтамын. Облыс әкімінің бұл бағытта нақты тапсырмасы бар. Ендеше, қолда барды оқсатып, жоғары нәтижелерді мақсат тұтуымыз керек. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халық даналығы. Біздің балалар ешкімнен кем емес, мен ұжымдық жұмысты қолдаймын, нақтылық, ашықтық, адалдықты жақсы көремін. «Нұр Отан» партиясының филиалы республикалық рейтингте бірінші орынды иеленді, еліміздегі 86 қаланың ішінде Атырау «Қазақстанның үздік қаласы» атанды. Міне, спортта да осындай айтулы жетістіктерге жетеміз деп сенемін, – деді Нұрлыбек Ожаев.

Содан соң Махамбет, Исатай аудандық спорт мектептерінің басшылары Болат Қаленов, Нұрхат Оралбеков жаңа басшыны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Сурет Әнуар Әбілғазиевтікі.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*