Шабындықта тыным жоқ

Аймақта қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынмен жүргізілуде. Бұған махамбеттік шаруа иелері де белсене кірісті.

«Мүтиев Б.Д.» шаруа қожалығының басшысы Биғали Мүтиевтің айтуынша, науқандық жұмысқа қажетті техникалардың барлығы жұмылдырылған. Бүгінде пішен жинауға бес трактор, екі КамАЗ автокөлігі пайдаланылуда.

«Биыл 550 гектар алқаптан бес мың дана орама пішен дайындауды жоспарлап отырмыз. Соның 16 гектарына жоңышқа ектік. Қожалықта төрт қыстақ бар. Пішеннің біраз бөлігі қыстақтардағы малға әзірленеді. Ал, артылғанын саттыққа шығарамыз. Тұрғындар тарапынан шөпке сұраныс та жоғары» дейді қожалық иесі.

Бұдан басқа, «1 Мамыр» ЖШС өзіне тиесілі 920 гектар шабындық алқабынан 2500 орама пішен алуды жоспарлаған. Онда бүгінгі күні 1600 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалыпты.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ,

Махамбет  ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*