Шабақтар айдынға жіберілді

Көктемде табиғи ортада ауланған және зауытта қыстаған балықтардың уылдырықтарынан өсірілген бағалы балық шабақтары Жайыққа жіберілді.

malek_21

«Уылдырықтардан дернәсілдер жарып шыққаннан кейін, то-ғанға орналастырылды. Жетіліп, үштен жеті грамға дейін салмақ қосқан соң, өзенге жіберілді. Кейін Каспий теңізіне барады. Біздің кәсіпорында өсірілген 3 миллион 227 мың шабақ суға жіберілді», – дейді «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытының директоры Гильман Сәрсемалиев.

Айта кетелік, биыл өңірдегі екі зауытта барлығы 6 миллион бекіре шабағы өсіріледі.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*