ШАҒЫН МАРКЕТ – ТҰРҒЫНДАР ҮШІН!

 

Қуанарлығы, біздің өңірде де сүттей ұйыған тату, өздеріне етене жақын кәсіппен айналысып, сонымен бірге ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беріп отырған шаңырақтар аз емес. Сондай отбасының бірі – Ерік Дүйсекеннің шаңырағы. Ерік өмірлік қосағы Гүлфара екеуі «Мұнайшы» стадионы маңында талай рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, қалалықтарды қажетті тағам түрлерімен қамтамасыз етіп жүрген. Енді, міне, отбасы күні қарсаңында олар өздерінің «Aport» деп аталатын жеке сауда орнын ашты.

Сауда орнының ашылу рәсімінде алқызыл лентаны қиып, ізгі тілегін арнаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова былай деді: 

– Дүйсекен отбасы – көп балалы. Ерлі-зайыптылар  төрт бала өсіріп отыр. Біз олардың бизнестеріне сәттілік тілеп, халықты сапалы тағаммен қамтуларына, сөйтіп адал еңбектерінің жемісін көрулеріне тілектеспіз!

«Aport» әмбебап дүкенінде дәрі-дәрмек те, тұрмыстық химия тауарлары да, күнделікті тұтыну тағамдары да жетерлік екен. Шағын маркеттің тұтынушылары да көп болады деген ойдамыз.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*