Шағын бизнеске – шынайы қолдау

  Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Соның бірі ағым-дағы жылы күзде «Қашағанда» мұнай өндіруді бастауды қамтамасыз ету болды.

– Биыл қазан айында «Қашағанда» мұнай өндіруді бастау мақсаты тұр. Осының аясында барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп, тиісті нормативтік шешімдер қабылданды. Сондықтан, «Қашаған» іске қосылуы үшін ҚР Энергетика министрлігі консорциуммен бірлесе отырып, осы жұмыстарды аяғына дейін жеткізуі керек, – деді Премьер-министр. Сонымен қатар, аталған министрлік пен «ҚазМұнайГаз» компаниясы басшылығына мұнай өндіруді жоспардағы 74 млн. тоннадан 75 млн. тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Басқосу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау мәселесі де кеңінен талқыланды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*