Шұғыл және кезек күттірмейтін науқасқа – арнайы қызмет

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудегі қызметтің бірі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу. Шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайға тап болған әр адамға көмек көрсетуге және жұртшылық үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға бағытталған бұл пакеттің маңызы ерекше.

mp6YN4Qi

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтан білгеніміздей, аталған пакет барлық азаматтарға тегін ұсынылады және бастапқы медициналық-санитарлық көмектің түрлеріне кепілдік беріледі. Сондай-ақ, азаматтар үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмектен бөлек «жедел жәрдем» және санитарлық авиация қызметі бар.

Жаңа оңтайландырылған пакетте бірқатар созылмалы ауруларды диспансерлік есептен динамикалық бақылауға ауыстыру көзделуде. Динамикалық бақылаудың бұл түрі науқастардың тікелей қатысуымен жүреді. Яғни, емделуші дәрігермен бірлесіп, өз денсаулығын күн сайын бақылауға алуы тиіс. Бұл жердегі мақсат – аурудың асқынуын, мүгедектіктің көбею қаупін төмендету, – дейді Байтолла Закарьяұлы.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 13 топтағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбегі бар. Оңтайландырылған соң олардың саны төртеуге дейін азаяды. Ал, қалғандары динамикалық бақылауға көшеді. Атап айтқанда, жаңа тізімде туберкулез, ВИЧ/СПИД, қатерлі ісік, мінез-құлық пен психика жүйесіндегі ауытқуларды, яғни, емхана деңгейінде бақылауға келмейтін ауруларды қалдыру көзделді.

Осының негізінде соңы мүгедектікке әкелетін және демографиялық тұрғыда шығынды өршітіп отыратын негізгі созылмалы аурулар тізімі жасалды. Олардың қатарында созылмалы вирусты гепатит, бауыр циррозы, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар, қант диабеті, өткір миокард инфаркт, жаралы колит, артериалды гипертензия, ревматоидты артрит, қолқа ентікпесі, басқа да аурулар бар. Бұлардың бәрі алдағы уақытта динамикалық бақылауға алынады, – дейді ол.

Алтыншаш Құрмашева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*