ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ ЖОЙЫЛДЫ

Баяндаманы ұйып тыңдай отырып, облыс басшысының еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында екендігін үнемі ескеріп отыратынына көз жетті.   Соның ішінде, ең бастысы, облыста бірнеше жылдан бері мәселе болып келген үш ауысымдық мектептердің жойылуы – үлкен жаңалық. 

Сондай-ақ, 2012-2014 жылдар аралығында аймақта 11 апаттық мектеп болса, оларды ауыстыру бойынша бес мектептің құрылысы аяқталған. Қалған мектептердің де мәселесі шешіліп жатыр екен, 28 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары да үнемі басты назарда келеді. Мұның барлығы – еліміздің жарқын болашағына жасалып жатқан игі қадамдар.

Өткен жыл облыстың білім беру саласындағы тарихи оқиғамен есте қалғаны белгілі. Жыл сайынғы дарынды оқушылар арасында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада облыс әкімінің  қолдауымен Атырауда тұңғыш рет ұйымдастырылған болатын. Республиканың түкпір-түкпірінен келген білімдар оқушылардың бақ сынар білім бәйгесі біздің мектебімізде өтуі – біз үшін үлкен абырой. Өйткені, облыс үшін осы ауқымды шараны өткізуге қаладағы 56 мектептің ішінен біздің мектеп-гимназиямыздың таңдалып алынғанына қуаныштымыз.

Республикалық олимпиаданы абыройлы атқарып шыққандықтан, енді облыстық олимпиадалар да мектебімізде ұйымдастырылатын болып шешілді. Бұған барлық мүмкіндігіміз жетеді. Өйткені, талапқа сай барлық жұмыстар атқарылған.

Айгүл КАРИШЕВА, №35 мектеп-гимназияның директоры.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*