Серік ҚАДЫРОВ: «Креатив жетіспей жатыр»

«Еліміздің келешегіжастардың қолында». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бір сөзі жастарымызға жүктеліп отырған жауапкершілік жүгінің зор екендігін айқын көрсетеді. Қазіргі таңда оларға білім мен тәрбие беру  және әлеуметтік тұрғыда  барлық жағдай қарастырылып отыр. 12 тамызХалықаралық жастар күніне орай, Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыровпен сұхбаттасқан болатынбыз.

лКреатив жет¦спей жатыр¬

–  Жастар арасындағы басты проблема ретінде нені атар едіңіз? Оларды қолдау бағытындағы жұмыстар көңіл көншіте ме?

– Ресурстық орталықтың жастармен жұмыс жасап келе жатқанына биыл төрт жыл. Осы уақыт аралығында жастар бастамаларын қолдаудан еш аянған емеспіз. Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Сенің бастамаң» атты жобасы бар. Жоба  кез келген жасқа өз идеяларын, тың жобаларын жүзеге асыруға толыққанды көмектеседі.

Сондай-ақ, кеңес беру бөлімін іске қостық. Онда жастарға тұрғын үй, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін кеңес беріледі. Қала бойынша 9 селолық округтен құралған жастар ұйымдары жұмыс жасайды.  Және олар бізбен тығыз байланыста. Жоспардан тыс жобаларымыз көп. Мысалы, «Буккроссинг», «Ретро кеш», «Өзіміз болып, шәй ішейік» сияқты жобалардың нәтижесі көп. Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшамыз арқылы түрлі конкурстар өткізіп тұрамыз. Әр бейсенбі сайын орталықта жастар үшін тегін кино көрсетілім ұйымдастырылады.

– «Жас отау» жастарға қаншалықты қолжетімді?

–«Жас отау» – жас отбасыларға арналған бағдарлама. Бұл арқылы  18-29 жас аралығындағы жастар баспаналы бола алады. Осы жылы жоба аясында 120 пәтер табысталды. Алға қарай 100 пәтер кілтін табыстау жоспарлануда. Бағдарламаға қатысу үшін басты талап – ерлі-зайыптылардың жасы 29-ға толмаған болуы тиіс. Және соңғы бес жылда меншігінде пәтер болмауы керек. Жердің болу-болмауы роль ойнамайды. Жас отбасылар жалдамалы пәтердің құнын мүмкіндігіне қарай 3, 5, 8 жылда төлей алады. Жоба аясында үйлер енді аудандарда да салынып жатыр. Бұл – үлкен мүмкіндік.

– Жұмыссыздық қала үшін де, ауыл үшін де өзекті проблема болып отыр…

– Қазір біз «Жастар еңбек биржасы» жобасын іске қостық.  Айына бір рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 70-ке жуық түрлі саладағы компаниялармен және мемлекеттік мекемелермен байланыстамыз. Жұмыссыз жастар түйіндемелерін біздің электронды поштамызға жібереді. Ал, біз түйіндемелер базасын мекемелерге жолдаймыз.

Жуырда ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бір мыңға жуық адам қатысты. Соның 100-ге жуығы «Сичим», «Денхолм-Жолдас» сияқты шетелдік компанияларға жұмысқа орналасты. Ал, «Идеал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен шараға 50 адам қатысып, 32 адам  жұмыс  тапты. Жаңадан іс бастап жатқан жас кәсіпкерлер, фрилансерлер, аудармашылар, бағдарламашылар, дизайнерлер «Коворкинг» (ағылшын тілінен аударғанда «бірігіп жұмыс жасау» деген мағынаны білдіреді) кеңсесіне келіп, нарықтың алғашқы баспалдақтарынан өтеді. Кеңсе ғаламтор желісіне қосылған компьютер, принтер, факс, телефон секілді қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Бастауыш кәсіпкерлерге құқықтық сауаттылық, салық жүйесі, қаржы айналымы, бухгалтерлік есеп бойынша пайдалы кеңестер ұсынылады.

– Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыру үшін «Буккроссинг», шығармашылық және инновациялық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Не? Қайда? Қашан?», «Брейн-ринг» ойындары өтіп тұрады. Екіншіден, ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық өнерге машықтандыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жастарға  келешекте дара тұлға ретінде қалыптасып, спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуіне  көмектеседі.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*