СЕНІМГЕ ТҮСКЕН СЕЛКЕУ

Дейтұрғанмен, бұл бағыттағы жүргізіліп жатқан көлемді шараларға қарамастан, «әттеген-ай» деп сан соқтырып, қынжылтатын жайттар да кездесетіні рас. Соның мысалы ретінде департаментте орын алған мына бір фактіні келтіруге болады.
Атырау қалалық №2 сотының биылғы жылдың 18 наурыздағы үкімі бойынша ҚК 192 бабының 2 бөлігінің «а», «б» тармақтарымен және 222 бабының 3 бөлігімен сотталған Д. атты азаматқа қатысты cот үкімі заңды күшіне еніп, департаментке орындау үшін жолданған. Атқару өндірістері бойынша сот орындаушымен 2011 жылдың 8 және 11 сәуірлерінде атқару өндірістері қозғалған. Д. есімді азаматқа қатысты қандай да бір іс-әрекет жасауға тоқтам салу туралы қаулы шығарылып, орындау үшін облыстық Әділет департаментіне жолданған. Сөйтіп, оның иелігіндегі Атырау қаласында орналасқан пәтер түріндегі жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған.
2011 жылдың 30 мамырында борышкер Д. иелігіндегі аталған пәтерді 2007 жылдың 5 қыркүйегінде сыйға беру шартымен өзіне берілгенін көрсетіп, сол себептен аталған мүлікті тоқтамнан босату жөнінде департаменттің аға сот орындаушысының атына арыз жазған. Осыған байланысты, аға сот орындаушы 2011 жылдың 8 маусымында «аталған пәтер борышкерге сыйға берілуіне орай тоқтамнан босатылуға жатады» деген негізбен тоқтамнан босату туралы заңсыз қаулы шығарған. Бұл жерде сот орындаушы жылжымайтын мүлікті бағалап, оны сауда-саттыққа шығару арқылы сатып, түскен соманы мемлекетке аударуы тиіс еді.
Аға сот орындаушының әрекетінде ҚК 307 бабында көзделген қылмыс белгілерінің болуына байланысты облыс прокуратурасы жолданған құжаттар негізінде экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғап, қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Әрине, орын алған жағдайдың жалпы департамент қызметіне теріс әсерін беріп, халықтың атқарушылық өндірісі саласына деген сенімін шайқалтуы да ғажап емес. Дегенмен, осының негізінде ұжым қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қауіпті екендігін, болашағына балта шауып, кеселін келтіретін кесапат екенін тағы да бір сезінгендей болды.

Айгүл МЕҢДАЛИЕВА,
Атырау облысының
сот актілерін
орындау департаментінің
персоналды басқару бөлімінің басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*