«СЕНІҢ ДАУСЫҢ МАҢЫЗДЫ»

Акция қолдаушылары – «Wills Brothers» байкерлер  мен «Драйв-Атырау» әуесқой автожүргізушілері қоғамдастықтары.  Олардың  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен қозғалыстың нышанымен безендірілген автомашиналары легі облыс орталығының бас көшелері арқылы өтіп, тұрғындарды маңызды саяси шараға белсенді қатысуға, өзінің азаматтық борышын орындауға шақырды.

Исатай-Махамбет алаңынан бастау алған шарада қатысушылар «Тамаша» сауда үйі, Сәтбаев, одан әрі Азаттық даңғылдары және Тұрғындар қалашығы, Авангард мөлтекаудандары арқылы және басқа орталық көшелерімен жүрді. «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау – әр қазақстандықтың міндеті», – деп ұрандатқан  олар отандық өнімдерді тұтынып,  қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігін де айтты.

– Шара алдағы Президент сайлауын қолдауға арналған. Еліміз үшін аса маңызды саналатын саяси науқанға әрбір азамат бір кісідей атсалысуы тиіс. Өйткені, біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда, – дейді «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының Атырау облысындағы өкілі Нұржан Өтепбаев.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*