“Сенің бастамаң” жобасы арқылы 400 мың теңге грант иелене аласыз

Атырауда әлеуметтік саланы қаржыландыра отырып, жастардың шығармашылық және инновациялық мүмкіндігін арттыру мақсатында “Сенің бастамаң” жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

senin_bastaman_0x0_eb0

Бұл байқауға экологиялық, спорт, қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, шығармашылық, жас кәсіпкерлермен жұмыс, білім, дәстүр және отбасылық құндылықтар, патриотизм бағытындағы әлеуметтік және бизнес жобалар қабылданады.

Байқауға 18 және 29 жас аралығында ҚР азамат және азаматшалары қатыса алады.

Өтініштер zhas_center@mail.ru эл.пошта арқылы немесе Атырау қаласының жастар ресурстық орталығында (Нұрсая,23 үй) тапсырылады.

Өтініштер арнайы құрылған коммисия арқылы қаралып, жеңімпаз болған топ немесе азамат пен азаматша жобаның ерекшеліктеріне байланысты 400 000 теңгеге дейінгі грантты иеленеді.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 707-890-0880, 8-701-600-98-01, 50-83-11 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*