Сазайын тартқан содырлар

ТҮРКИЯ. Ел әскері Сирияның солтүстігінде 18 содырдың көзін жойды. Олардың барлығы  –«Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері. Тағы 37 радикал жарақат алды.

Шабуылдар Әл-Баб қаласының маңында жасалған. Түркияның Қарулы Күштері 24 тамыздан бастап «Сириялық азат әскермен» бірігіп «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізіп келеді. Оның мақсаты – Сириядағы шекара аумағын лаңкестерден тазартып, босқындар үшін қауіпсіз аймақ жасау.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*