Сенат спикері Дариға Назарбаева президент сайлауына түспейді

20180611172231 Жаңалықтар

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева  кандидат ретінде қатыспайды.

Бұл туралы  Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты. «Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», – деді ол.

 Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз